Париждегі драма. ПСЖ мен "Бавария" тоғыз гол соқты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 02:08

"Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы кездесуде өз алаңында "Баварияны" ұтты

x.com

"Парк де Пренс" стадионында өткен матч жанкүйерлерге нағыз голдар шоуын сыйлады. Тартысты ойында алаң иелері қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.

ПСЖ сапында Хвича Кварацхелия дубль авторы атанды. Ол 24 және 56-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Сонымен қатар Жоау Невеш 33-минутта гол соқса, Усман Дембеле бірінші таймның қосымша уақытында пенальтиден және 58-минутта тағы бір гол енгізді.

Ал мюнхендіктер құрамынан Харри Кейн 17-минутта пенальтиден есеп ашты. Бұдан бөлек Майкл Олисе 41-минутта, Дайо Упамекано 65-минутта, ал Луис Диас 68-минутта гол соғып, немістерді ойын соңына дейін тартыста ұстады.

Қос команда арасындағы жауапты кездесу 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні Мюнхенде өтеді.

Айта кетейік, ПСЖ — Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымда Луис Энрикенің шәкірттері финалда "Интерді" 5:0 есебімен ойсырата жеңген. 

Реклама
Реклама