"Алтай" жеті гол соғылған матчта жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:04

Соның арқасында Қазақстан кубогының ширек финалына шықты.

Sports24.kz

Өскеменнің "Алтай" клубы Қазақстан кубогының 1/8 финалында Жезқазғанның "Ұлытауын" жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Матч қалай өтті?

Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында өткен кездесуде жанкүйерлер голға толы ойынның куәсі болды. Кездесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.

Алғашқы голды 12-минутта "Ұлытау" ойыншысы Рамазан Абылайхан соқты. Екінші таймда "Алтай" сапынан Елисей Горшунов дубль авторы атанып (54, 64), есепті алға шығарды. Алайда 83-минутта Максим Чалкин таразы басын теңестіріп, матчты қосымша уақытқа жеткізді.

Экстра-таймда Котаро Киши ("Ұлытау") гол авторы атанды. Осыдан кейін Киши қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Осы басымдықты тиімді пайдаланған "Алтай" 

  • 111-минут – Ораз Сайлыбаев
  • 119-минут – Никола Джамбора гол соғып, матч тағдырын шешті.

Қорытынды есеп - 4:3.

Енді өскемендік клубтың келесі қарсыласы "Ақтөбе" мен "Елімай" жұбының жеңімпазы болады.

Реклама
Реклама