ӘЧ-2026: ҚПЛ ойыншысының алғашқы турдағы ойыны жоғары бағаланды

Спорт шолушысы
Бүгін, 17:20

"Астана" клубы мен Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Башич әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында сарапшылардың көзіне түсті. 

Getty Images

Жуырда Босния және Герцеговина құрамасы Канадаға қарсы матч өткізді. Мундиальдің алғашқы туры аясындағы ойында босниялық футболшы сенімді ойын көрсетті.

WhoScored статистикалық порталы Иван Башичтің ойынын 7,5 баллға бағалады. Кездесу барысында төрт маңызды пас берген. 

Әлем чемпионатының алғашқы турында Башич негізгі құрамда алаңға шығып, 61 минут өнер көрсетті. Ойынның 21-минутында оның бұрыштамадан асырған добы нәтижелі шабуылдың басталуына себеп болды. Нәтижесінде Йово Лукич есеп ашып, босниялықтардың жалғыз голын соқты.

Айта кетейік, Канада мен Босния және Герцеговина арасындағы кездесу 2026 жылғы әлем чемпионатында тең нәтиже тіркелген алғашқы матч болды.

ҚПЛ тарихындағы ерекше жетістік

Иван Башич Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүріп әлем чемпионатына қатысқан алғашқы футболшы ретінде тарихқа енді. 24 жастағы жартылай қорғаушы “Астана” сапына 2025 жылы Ресейдің “Оренбург” клубынан ауысқан болатын.

Реклама
Реклама