ӘЧ-2026: АҚШ футболшысы тарихи рекорд тіркеді

Футбол шолушысы
Бүгін, 16:44

Парагвайға қарсы матчта америкалық қорғаушы 83 пас беріп, бәрін 100 пайыздық дәлдікпен орындады. 

amp.rbc.ru

АҚШ құрамасының қорғаушысы Крис Ричардс 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында өткен Парагвайға қарсы матчта ерекше статистикалық көрсеткіштің авторы атанды. Ол ойын барысында 83 пас беріп, барлығын әріптестеріне дәл жеткізген. 

Sofascore Football мәліметінше, бұл — әлем чемпионаттары тарихындағы 100 пайыздық дәлдікпен жасалған ең жоғары пас көрсеткіші. Мұндай статистика 1966 жылдан бері, яғни футбол матчтары бойынша толық деректер тіркеле бастаған кезеңнен есептеледі.

АҚШ Парагвайды ірі есеппен жеңді

АҚШ құрамасы D тобындағы алғашқы матчында Парагвайды 4:1 есебімен жеңді. Маурисио Почеттино шәкірттері ойын тізгінін сенімді ұстап, қарсыласына көп мүмкіндік берген жоқ.

Бұл матчта Ричардс қорғаныста ғана емес, шабуылды бастау кезінде де маңызды рөл атқарды. Оның дәл пастары АҚШ құрамасына допты бақылауда ұстап, шабуылға жүйелі шығуға көмектесті.

Енді америкалықтар келесі ойында Австралия құрамасымен кездеседі. 

Реклама
Реклама