"Тобыл" қауіпті аймақтан шықты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 18:13

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турында Қостанайдың "Тобылы" Петропавлдың "Қызылжарын" қабылдады.

instagram/@fcqyzyljar

Бірінші таймда есеп ашылмады

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері белсенді қимылдап, допқа көбірек иелік етті. "Тобыл" бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен "Қызылжар" қақпашысы Дмитрий Челядник сенімді ойынымен есептің ашылуына мүмкіндік берген жоқ.

Бірінші таймда қостанайлықтар басымдық танытса да, үзіліске дейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Милованович пен Зуев матч тағдырын шешті

Екінші таймның басында петропавлдықтар үшін жағымсыз жағдай болды. Дмитрий Челядник жарақат алып, оның орнына Вадим Петров шықты.

Қақпашы ауысқаннан кейін "Тобыл". көп ұзамай өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Алдымен Урош Милованович есеп ашса, артынша Александр Зуев командасының басымдығын екі допқа жеткізді.

Осылайша қостанайлық клуб өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік жағдайын жақсартты.

"Тобылдың» еншісінде 12 ұпай бар. Қостанайлық команда ҚПЛ турнир кестесінде төменгі аймақтан шығып, 12-орынға көтерілді. Ал "Қызылжар" 15 ұпаймен 9-орында қалды.

Реклама
Реклама