"Астана" өз алаңында "Ертісті" сенімді жеңді (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
14.06.2026, 21:02

"Астана" ФК Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында Павлодардың "Ертісін" қабылдады.

instagram/@pflkaz

Матч тағдыры бірінші таймда шешілді 

Елордалық команда ойынның алғашқы бөлігінде-ақ басымдықты өз қолына алды. Бірінші таймда қонақтар қақпасына екі гол соғылып, "Астана" үзіліске сенімді есеппен кетті.

Алдымен Карло Бартолецтің алыстан бағыттаған соққысынан кейін доп қақпа бағанасына тиіп, кейін қақпашы Виталий Ботнарьға соғылды да, қақпа торынан табылды.

Тайм аяқталар тұста хорватиялық Марин Томасов есепті еселеп, алаң иелерінің басымдығын арттырды.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ

Үзілістен кейін "Ертіс" ойынды өзгертуге тырысқанымен "Астана" қорғаныста қателікке жол бермеді. Елордалықтар матч соңына дейін есепті сақтап қалды. 

Осы жеңістен кейін "Астана" ұпай санын 22-ге жеткізіп, Қазақстан Премьер-лигасының көшбасшылар тобына жақындай түсті.

Ал "Ертіс" әзірге 9 ұпаймен турнирлік кестенің төменгі бөлігінде қалып отыр.

Реклама
Реклама