Әлемге әйгілі сыра бренді Қазақстан футболын дамытуға көмектеспек

Бокс шолушысы
17.06.2026, 22:02

Жуырда Қазақстан футбол федерациясы мен Carlsberg Central Asia компаниясы әріптестік орнатты. 

kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Carlsberg Central Asia компаниясы елімізде футболды қолдау, жанкүйерлер мәдениетін дамыту және спорттық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Келісімге Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры Бекжан Сафинов пен Carlsberg Central Asia компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Екатерина Потокина қол қойды.

Әріптестік футболды насихаттауға бағытталған

ҚФФ мәліметінше, жаңа келісім тараптар арасындағы ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға негізделген. Құжат аясында бірлескен маркетингтік, коммуникациялық және демеушілік жобалар жүзеге асырылады.

Сондай-ақ тараптар Қазақстанда футболды дамытуға арналған бастамалар мен іс-шараларды қолдауға ниетті. Негізгі мақсат — футбол мәдениетін кеңейту, жанкүйерлермен байланысты күшейту және спорттың қоғамдағы рөлін арттыру.

Жанкүйерлерге арналған жаңа жобалар іске қосылады

Ынтымақтастық аясында жанкүйерлерді тартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде ATL, PR, Digital және BTL бағыттарындағы белсенділіктер қарастырылған.

Бұл бастамалар футбол қауымдастығы мен ұлттық құрамалар арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салты құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік береді.

"Бұл келісім ірі брендтермен әріптестік қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Әлемдік деңгейдегі жетекші компаниялардың бірімен күш біріктіру жанкүйерлерге арналған жаңа жобаларды іске асыруға және елімізде футболды кеңінен насихаттауға қосымша серпін береді. Ал футболды дамыту мен танымал ету – ҚФФ қызметінің негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі", – деді Бекжан Сафинов.

Carlsberg футболды қолдау дәстүрін жалғастырады

Carlsberg Central Asia компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Екатерина Потокина Қазақстан футбол федерациясымен серіктестік Carlsberg Group компаниясының әлемдік футболды қолдау бағытындағы көпжылдық дәстүрінің жалғасы екенін айтты.

"Футбол – жасына, тіліне және ұлтына қарамастан адамдарды біріктіретін ойын. Carlsberg үшін футболды қолдау ондаған жылдар бойы корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі болып келеді. Біз Қазақстан футбол федерациясының серіктесі атанғанымызға қуаныштымыз және футбол қозғалысын дамытуға, жанкүйерлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға әрі Қазақстандағы спорт мәдениетін нығайтуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз", – деді Екатерина Потокина.

Реклама
Реклама