Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасынан кетеді
Бүгін, 15:44
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде жүрген Талғат Байсуфинов ұлттық командадан кететін болды.
NUR.kz
Кету себебі әзірге белгісіз
57 жастағы бапкердің Қазақстан құрамасымен қоштасуына не себеп болғаны және бұл шешімнің нақты мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ, деп жазады AmanVIBE.
Айта кетейік, Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2026 жылдың 28 қаңтарында қайта тағайындалған.
Осы уақыт аралығында ұлттық құрама оның жетекшілігімен төрт кездесу өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі матчта жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті және бір рет жеңіліс тапты.
Соңғы матч Венгрияға қарсы өтті
Байсуфинов баптаған Қазақстан құрамасы соңғы ойынын 9 маусым күні өткізді. Жолдастық кездесуде ұлттық команда сырт алаңда Венгрия құрамасынан 1:3 есебімен жеңілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама