Футбол
Бөлімдер
Қазақстан Құрама

"Ордабасы" ҚПЛ-де қатарынан бесінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)

Шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында ақтаулық "Каспийді" қабылдады.

"Ордабасы" ҚПЛ-де қатарынан бесінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)
instagram/@fc__ordabasy

Натель мен Мораес жеңісті жақындатты

Алғашқы таймда "Каспий" қақпашысы Дінмұхамед Жомарт екі рет допты өз қақпасынан алып шықты. Шымкенттік клуб сапынан Лео Натель мен Эвертон Мораес мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймның басында "Ордабасы" үшінші голды соққан. Бірақ VAR жүйесін қарағаннан кейін бұл гол есепке алынбады. Бұдан кейін де алаң иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен есеп өзгеріссіз қалды.

"Ордабасы" көшбасшылығын нығайтты

Бұл жеңіс "Ордабасы" үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы қатарынан бесінші жеңіс болды. Андрей Мартиннің шәкірттері 34 ұпай жинап, алматылық "Қайраттан" төрт ұпайға ұзап кетті. Айта кетейік, шымкенттік команданың қоржынында әлі бір ойын бар.

Ал "Каспий" 8 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы сатысында қалып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:
Клуб беті: Каспий 10-орын