Ислам Чесноков "Тобылға" оралады

Бокс шолушысы
Бүгін, 16:46

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын қайтадан қостанайлық клубта жалғастырады.

NUR.kz

Қостанайлық клубқа қайта қосылады

26 жастағы вингер бұған дейін де "Тобыл" сапында өнер көрсеткен. Кейін қысқы трансфер кезеңінде Шотландияның "Хартс" клубына ауысты. 

Енді Қазақстан құрамасының футболшысы қостанайлық командаға қайта оралып, ел чемпионатындағы бәсекеге қосылады деп күтілуде. Бұл туралы AmanVIBE жазады. 

"Хартс" сапындағы көрсеткіші

Чесноков эдинбургтік клуб құрамында Шотландия чемпионатында 10 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Маусым қорытындысы бойынша "Хартс" ел біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Ал "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында 13 матч өткізіп, 12 ұпай жинады. Қостанайлық клуб қазір турнир кестесінде 13-орында тұр.

Реклама
Реклама