Франция мен Ирак матчы ӘЧ тарихындағы ең ұзақ ойын болды

Спорт шолушысы
23.06.2026, 09:20

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Франция мен Ирак құрамалары арасындағы кездесу турнир тарихындағы ең ұзақ матч ретінде тіркелді.

REUTERS

АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы матчта Франция құрамасы Иракты 3:0 есебімен жеңді. Жеңімпаздар сапында Килиан Мбаппе дубль авторы атанса, тағы бір голды Усман Дембеле соқты. Алайда бұл ойын нәтижесімен ғана емес, ұзақтығымен де ерекшеленді. Бірінші тайм аяқталғаннан кейін Филадельфияда найзағайлы жаңбыр басталып, қауіпсіздік талаптарына байланысты екінші таймның басталуы екі сағатқа кейінге шегерілді.

Найзағай матчтың ұзақтығына әсер етті

АҚШ-тағы ережеге сәйкес, найзағайдың жарқылынан кейін футболшылар алаңға кемінде 30 минут өткен соң ғана қайта шыға алады. Осыған байланысты матчтың жалпы ұзақтығы төрт сағатқа созылып, әлем чемпионаттарының жаңа рекордын орнатты. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатында Англия мен Иран арасындағы кездесуге тиесілі болған.

Ойын нәтижесінде екі турдан кейін Франция құрамасы алты ұпай жинап, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал әлем чемпионатына өз тарихында екінші рет қатысып отырған Ирак құрамасы қатарынан екі жеңілістен кейін де келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Айта кетейік, Франция құрамасы қатарынан төртінші әлем чемпионатында алғашқы екі матчта жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты.

Реклама
Реклама