Франция ӘЧ-2026 шешуші ойынында бас бапкерсіз қалды
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Норвегияға қарсы маңызды матчқа қатыса алмайды.
Дешам Норвегияға қарсы матчта болмайды
2018 жылы Франция құрамасына әлем чемпионы атағын әперген, сондай-ақ өткен мундиальда финалға дейін жеткізген Дидье Дешам анасының қайтыс болуына байланысты команданың алдағы дайындығына қатыса алмайды. Федерация мәлімдемесінде бас бапкердің Норвегия – Франция матчы алдындағы жаттығуларды өткізбейтіні және жұма күні I тобындағы соңғы ойын кезінде қосалқы құрам орындығында болмайтыны айтылған.
“Сейсенбі күні таңертең ұлттық құраманың бас бапкері Дидье Дешам анасының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар алды. Ол жерлеу рәсіміне қатысу үшін Францияға оралады”, – делінген Франция футбол федерациясының хабарламасында.
Команданы кім басқарады?
Франция футбол федерациясының президентімен келісім бойынша Дешам уақытша команданы өзінің көмекшісі Ги Стефанға сеніп тапсырды. Ол бас бапкер оралғанға дейін ұлттық құраманы дайындап, Норвегияға қарсы матчта команданы алаң жиегінен басқарады.
Топтық кезеңнің соңғы турында Франция Норвегиямен кездеседі. Бұл матч I тобындағы бірінші орын тағдырын шешуі мүмкін.
Француздарға көшбасшылықты сақтап қалу үшін жеңілмеу жеткілікті. Ал егер олар Норвегиядан ұтылып қалса, екінші орынға түсіп, плей-офф кезеңіндегі қарсыластары мен турнирлік жолы күрделене түсуі ықтимал.
Дидье Дешам шәкірттері алғашқы екі турда сенімді ойын көрсетті. Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңсе, кейін Ирак құрамасын 3:0 нәтижесімен ұтты.