Португалияда Месси мен Роналдудың ұлттық құрамалардағы мәртебесіне баға берілді

Спорт шолушысы
Бүгін, 16:28

Екі футболшы да биылғы Әлем чемпионатында бақ сынап жатыр. 

sportmail.ru

Португалияда Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың ұлттық құрамалардағы абыройы мен мәртебесіне қатысты баға берілді. Журналист Чиаппароның сөзінше, екі футболшы да өз елінің футбол тарихында ерекше орынға ие болғанымен, оларға деген қоғамдық және спорттық көзқарас бірдей емес.

Аргентинада Мессиге жай футболшы ретінде емес, ұлттық құраманың болмысымен біте қайнасқан тұлға ретінде қарайды.

"Мессиге мансабының соңғы кезеңіне жақындаған футболшы ретінде қарамайды. Оны ұлттық құраманың болмысын айшықтайтын тұлға ретінде көреді. Сондықтан оның ойын уақыты немесе ротациясы туралы даулар мүлдем туындамайды", — деді журналист.

Журналистің айтуынша, Криштиану Роналду Португалияда Мессиге қарағанда көбірек қысымға тап болуы ықтимал.

"Роналду Португалияда Мессиге қарағанда көбірек қысым көруі мүмкін. Ол  жасына және Португалия құрамасы жүзеге асыруға тырысып жатқан буын алмасу процесіне байланысты", — деді Чиаппаро.

Португалия құрамасында соңғы жылдары жас ойыншылар көбейіп, команда жаңа кезеңге өтіп жатыр. Осы жағдайда Роналдудың алаңдағы рөлі мен ойын уақыты жиі талқыға түседі.

Реклама
Реклама