"Астана" 92-минутта "Ақтөбеден" жеңісті жұлып алды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
12.07.2026, 21:04

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында "Астана" өз алаңында "Ақтөбені" қабылдады.

Instagram/@fcaktobe_official

Бірінші таймда гол алмасты

Есепті алаң иелері ашты. Дмитрий Шомко сәтті шабуылды нәтижелі аяқтап, "Астананы" алға шығарды.

Бірақ үзіліске дейін ақтөбеліктер таразы басын теңестірді. Гиорги Зария өз есімін таблода тіркеді. 

"Ақтөбе" жеңісті сақтай алмады

Екінші таймда Артур Шушеначев гол соғып, "Ақтөбеніч алға шығарды. Дегенмен елордалықтар шабуылын күшейтіп, көп ұзамай есепті теңестірді. Иван Башич қарсылас қақпасын дәл көздеді. 

Матчтың негізгі уақыты аяқталғаннан кейін "Астана" жеңіс голын соқты. 92-минутта Станислав Басманов алаң иелеріне маңызды үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін "Астананың" еншісінде 29 ұпай болды. Елордалық клуб Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Ал "Ақтөбе" 25 ұпаймен көшбасшылар тобынан кейінгі орнын сақтап қалды.

Реклама
Реклама