Хорватиялық шабуылшы "Астанаға" ауысты
"Астана" ФК хорватиялық форвард Никола Буричпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады.
Никола Бурич қандай клубтарда ойнаған?
29 жастағы шабуылшы загребтің әйгілі “Динамо” клубының тәрбиеленушісі саналады. Бірақ хорватиялық команданың негізгі құрамында бірде-бір ресми матч өткізбеген.
Қазақстан астанасына келгенге дейін шабуылшы албаниялық ”Эгнатия” сапында ойнады. Бурич бұл клубтың жейдесінде 33 кездесуге қатысып, қарсыластар қақпасына алты гол соққан.
Хорватиялық футболшы бұған дейін бірнеше еуропалық чемпионатта бақ сынады.
Оның мансабындағы шетелдік клубтар:
- “Домжале” (Словения) — 14 матч, 3 гол;
- “Копер” (Словения) — 8 матч;
- “Новара” (Италия) — 18 матч, 1 гол;
- “Эгнатия” (Албания) — 33 матч, 6 гол.
Бурич Хорватия чемпионатында да бірнеше командада өнер көрсеткен. Алайда оның отанындағы клубтары кең футбол аудиториясына аса танымал емес.
“Астананың” ҚПЛ-дегі жағдайы
Қазақстанның жеті дүркін чемпионы 2026 жылғы Премьер-лигада әзірге төртінші орында келеді.
Елордалық клуб 17 турдан кейін 29 ұпай жинаған. Команданы қазақстандық маман Григорий Бабаян жаттықтырады.
Биыл елордалық команда УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен өте алмады. “Астана” албаниялық “Динамо Ситиге” қарсы алғашқы ойында сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Дегенмен қарымта кездесуде өз алаңында 1:4 есебімен ұтылып, еурокубоктағы жорығын ерте аяқтады.