Капитанның сәтсіз пенальтиі және құтқарушы гол: "Тобылдың" еурокубоктегі драмалық матчы

Жекпе-жек шолушысы
23.07.2026, 22:37

Қостанайлық клуб УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Литваның "Паневежис" командасымен тең ойнады.

instagram/@fctobol

Литвалық клуб бірінші болып есеп ашты

Қостанайлық футболшылар кездесуді белсенді бастап, қарсылас қақпасы маңында бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен бірінші таймның ортасына қарай алаң иелері ойынды теңестіріп алды.

Үзіліске аз уақыт қалғанда "Тобыл" қақпасының маңында болған қарбалас сәтті Сейдин Кейта тиімді пайдаланып, допты торға бағыттады. Осылайша "Паневежис" бірінші таймнан кейін 1:0 есебімен алда тұрды.

Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кетті

Екінші таймда "Тобыл" ойын тізгінін қолға алып, қарсыласына қысымды күшейтті. Шабуылдардың бірінде Ислам Чесноков қарсыласты ереже бұзуға мәжбүрлеп, пенальти әкелді. 

Он бір метрлік айып добын орындауға Асхат Тағыберген келді. Бірақ капитан Витаутас Черняускасты бағындыра алмады. 

Цавнич "Тобылды" жеңілістен құтқарды

Пенальтиден кейін де қазақстандық команда шабуылын тоқтатпай, есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндік алды.

Кездесудің соңғы бөлігінде Неманья Цавнич әуеден келген допты баспен дәл бағыттап, "Тобылды" жеңілістен құтқарды.

"Тобыл" мен "Паневежис" арасындағы қарымта кездесу 30 шілде күні Қостанайда өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Реклама
Реклама