"Ертістің" 13 матчқа созылған жеңіссіз сериясы үзілді (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
25.07.2026, 20:08

Павлодарлықтар Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында Жезқазғанда "Ұлытауды" жеңіп кетті.

instagram/@fc_ulytau

Қонақтар бірінші таймда екі гол соқты

Павлодарлық команда алғашқы минуттардан белсенді ойнап, Марко Евтичтің арқасында есеп ашты. Бірақ "Ұлытау" көп ұзамай таразы басын теңестірді. Давид Мартин Анане айып алаңының сыртынан допты қақпаның маңдайшасының астына бағыттады.

Үзіліске санаулы минуттар қалғанда "Ертіс" қайтадан алға шықты. Бұл жолы Жан Морель По нәтижелі соққымен ерекшеленді

Жеңісті сақтап қалды

Үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестіруге тырысқанымен "Ертіс" қорғаныста сенімді ойнап, маңызды үш ұпайға иелік етті. Сөйтіп павлодарлық команда ҚПЛ-дегі қатарынан 13 матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатты.

"Ертіс" 19 турдан кейін 14 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнында келеді. Ал 27 ұпай жинаған "Ұлытау" алтыншы сатыда тұр.

Реклама
Реклама