"Қайрат" – "Ордабасы" матчы: Полиция үндеу жасады (ВИДЕО)

Бас редактор
Бүгін, 16:28

Ойын кезінде стадион мен оған жақын аумақта қауіпсіздік күшейтілмек. 

Liter.kz

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясындағы орталық матчтардың бірі саналатын "Қайрат" - "Ордабасы" кездесуі алдында Алматы полициясы жанкүйерлерге арнайы үндеу жасады.

Полиция футбол мерекесінің қауіпсіз әрі тыныш өтуі үшін барлық көрерменді тәртіп сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және арандатуға ермеуге шақырды.

Қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Матч өтетін күні Алматыдағы Орталық стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және басқа да жауапты қызметтер жұмыс істейді.

Сонымен қатар заманауи бейнебақылау және бақылау құралдары қолданылады. Бұл шаралар стадион ішіндегі және сыртындағы жағдайды жедел бақылауға мүмкіндік береді.

Полиция жанкүйерлерді тәртіпке шақырды

Алматы қаласы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев жанкүйерлерді мәдениетті болуға үндеді.

"Өз командаларына қолдау көрсету үшін Алматыға келген барлық жанкүйерлерді қуана қарсы аламыз. Біздің ортақ міндетіміз – бұл матчтың әдемі ойынмен, жарқын эмоциялармен және бір-біріне деген құрметпен есте қалуын қамтамасыз ету. 

Баршаңызды қоғамдық тәртіпті сақтауға, арандатуға ермеуге және нағыз жанкүйерді мінез-құлық мәдениеті, қарсыласқа деген құрметі мен өз командасына шынайы қолдау көрсетуі ерекшелендіретінін есте ұстауға шақырамыз. Өз тарапымыздан полиция матчқа қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, ойын сағат 19:00-де басталады.

Реклама
Реклама