Салах жаңа клубпен келісімге келді

Бокс шолушысы
Бүгін, 18:29

"Ливерпульдің" бұрынғы шабуылшысы Мохамед Салах мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

belfasttelegraph.co.uk

Жалақысы қанша болады?

Fichajes.net мәліметінше, Мохамед Салах “Бешікташқа” еркін агент ретінде қосылуға жақын. Мысыр құрамасының 34 жастағы ойыншысы бұған дейін “Ливерпуль” сапында тоғыз маусым өткізген.

Тараптар “1+1” жүйесі бойынша келісімшарт талаптарын келіскен. Футболшының жылдық таза жалақысы 10 миллион еуро болуы мүмкін. Сонымен қатар келісімде 2 миллион еуро көлеміндегі бонустар қарастырылғаны айтылады.

Салах болашағына қатысты шешімді 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін кейінге қалдырған. Мысыр құрамасы Аргентинадан жеңілгеннен кейін футболшының өкілдері түркиялық клубпен келіссөздерді жандандырған.

Ресми келісім Салах медициналық тексеруден өткеннен кейін жариялануы мүмкін.

Еуропа лигасында ойнауы ықтимал

Мысырлық шабуылшы “Бешікташқа” ауысқан жағдайда еурокубоктағы өнерін жалғастырады. Ыстанбұлдық команда жаңа маусымда УЕФА Еуропа лигасында бақ сынайды.

Түркиялық клуб тәжірибелі футболшыны еурокубок маусымы қарсаңындағы негізгі трансферлерінің бірі ретінде қарастырып отыр.

“Бешікташ” Дарвин Нуньесті де алдырғысы келеді

Мохамед Салах ыстанбұлдық клубтың жалғыз трансферлік мақсаты емес. “Бешікташ” Сауд Арабиясының “Әл-Хиляль” командасында ойнайтын Дарвин Нуньесті жалға алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. 

Түркиялық клуб 27 жастағы уругвайлық шабуылшыны бір маусымға жалға алу үшін 4 миллион еуро ұсынған. Келісімде футболшыны кейін сатып алу құқығы қарастырылмаған.

Нуньес 2025 жылы Сауд Арабиясына ауысқанымен кейінгі уақытта “Әл-Хиляльдің” негізгі құрамындағы орнын жоғалтқан. Осыған байланысты Еуропаға оралуға мүдделі болуы мүмкін.

Реклама
Реклама