"Қайрат" "Ордабасыны" жеңіп, ҚПЛ-де көш бастады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 21:05

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 19-турының орталық матчында "Қайрат" Шымкенттің "Ордабасы" клубын қабылдады.

instagram/@fc__ordabasy

Марк Гуаль есеп ашты

Кездесудің алғашқы минуттарынан алаң иелері допқа иелік етіп, қарсылас қақпасына қысым жасады. Алматылық клубтың белсенді ойыны 14-минутта нәтиже берді.

Қапталдан көтерілген допқа бірінші жеткен Марк Гуаль баспен дәл соққы жасады. 

Голдан кейін Қазақстан чемпионы ойын қарқынын бақылауға алып, бірінші таймды 1:0 есебімен аяқтады.

Юккола басымдықты арттырды

Үзілістен кейін "Ордабасы" шабуылдағы белсенділігін күшейтіп, есепті теңестіруге тырысты. Шымкенттіктер бірнеше қауіпті мүмкіндік ұйымдастырғанымен Темірлан Анарбеков пен қорғаушылары сенімді ойнады.

Кездесудің 87-минутында Ойва Юккола айып алаңының сыртынан соққы жасап, есепті еселеді.

Қосымша уақытта Берн Йонсен бір голмен жауап қайтарды. Бірақ қонақтардың матчты құтқарып қалуына уақыт жетпеді.

Осы жеңістен кейін "Қайраттың" еншісінде 44 ұпай болды. Алматылық клуб Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Ал "Ордабасыда" 42 ұпай бар. Шымкенттік команданың "Қайраттан" бір матчы кем. 

Реклама
Реклама