Мальдини Пирлоға байланысты Италия футбол федерациясынан кетуі мүмкін

Бас редактор
27.07.2026, 07:55

Мәселе Италия құрамасының жаңа бас бапкері қызметімен байланысты. 

sportrbc.ru

Италия футбол федерациясының техникалық директоры Паоло Мальдини қызметінен кетуі мүмкін. Бұған Андреа Пирлоны Италия құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындау төңірегіндегі жағдай себеп. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport хабарлады. 

Дереккөздің хабарлауынша, Мальдини Италия футбол федерациясына қызметке белгілі бір шартпен келген. Ол жаңа бас бапкердің кандидатурасын өзі белгілеуі керек. 

Егер федерация басшылығы Пирлоны тағайындауға қарсы шықса, Мальдини мұны өз өкілеттігінің шектелуі ретінде қабылдап, қызметінен кетуі мүмкін.

Конте мен Манчини нұсқалары қабылданбаған

Бұған дейін Италия құрамасының бас бапкері қызметіне Антонио Конте мен Роберто Манчинидің кандидатуралары ұсынылды. 

Алайда Мальдини бұл нұсқаларды қолдамаған. Контенің клубтарды жиі ауыстыратыны ұнамаса, Манчинидің 2023 жылы Италия құрамасынан кеткеннен кейінгі жұмысына Мальдинидің көңілі толмаған. 

Гвардиоламен келіссөз сәтсіз аяқталды

Италия футбол федерациясы Хосеп Гвардиоламен келіссөз жүргізгені белгілі болды. Алайда бұл бағытта нақты нәтиже шықпады. 

Осыдан кейін Мальдини мен федерация кеңесшісі Леонардо 47 жастағы Андреа Пирлоның кандидатурасына тоқтаған. Олардың пікірінше, Пирло заманауи футбол тұжырымдамасына сай келетін маман.

Бірақ Андреа Пирлоның Италия құрамасына тағайындалуына ресейлік букмекерлік компанияның жаһандық елшісі ретіндегі рөлі кедергі қиындық келтіріп отыр.

Реклама
Реклама