Марин Томасов ҚПЛ тарихындағы үздік сұрмергендер қатарына қосылды

Бас редактор
27.07.2026, 11:33

"Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов жуырда Қазақстан Премьер-лигасындағы 100-голын соқты. 

KazFootball.kz

38 жастағы хорватиялық футболшы тарихи нәтижеге ҚПЛ-дің 19-турында жетті. "Астана" өз алаңында "Алтайды" 4:1 есебімен жеңді, ал Томасов осы кездесуде мерейтойлық голын соқты.

Томасовтың алғашқы голы 2017 жылы соғылды

Марин Томасов Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде "Атырау" қақпасына соқты.

Сол ойында хорватиялық футболшы дубль жасаған еді. Араға бірнеше жыл салып, ол Қазақстан чемпионатындағы гол санын 100-ге жеткізді.

ҚПЛ тарихындағы үздік сұрмергендер

Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасы тарихында кемінде 100 гол соққан тоғыз футболшының қатарына қосылды.

Қазір ол 100 гол көрсеткішімен Әлібек Бөлешевпен бірге үздік сұрмергендер тізімінде сегізінші орынды бөлісіп тұр.

ҚПЛ тарихындағы үздік сұрмергендер тізімін Нұрбол Жұмасқалиев бастап тұр. Оның еншісінде 167 гол бар.

Екінші орында Мұрат Тлешев орналасқан. Ол Қазақстан чемпионатында 148 гол соққан. Үздік үштікті 147 голмен Олег Литвиненко түйіндейді.

Реклама
Реклама