Еурокубок: "Қайрат" пен "Тобыл" матчтарының уақыты жарияланды

Футбол шолушысы
Бүгін, 16:26

Алматы мен Қостанайда өтетін матчтар 29 және 30 шілдеге жоспарланған.

KazFootball.kz

"Қайрат" Алматыда "Омонияны" қабылдайды

29 шілде күні Алматының "Қайраты" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта кипрлік "Омониямен" кездеседі.

Ойын Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.

Алғашқы кездесу Никосияда өтіп, Рафаэль Оразбахтин шәкірттері 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Сондықтан алматылық клубқа келесі кезеңге өту үшін өз алаңында міндетті түрде белсенді әрі нәтижелі ойын көрсету қажет.

"Тобыл" Қостанайда "Паневежисті" күтеді

30 шілде күні Қостанайдың "Тобылы" Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта Литваның "Паневежис" клубын қабылдайды.

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Алғашқы ойын Литвада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Сондықтан Қостанайдағы қарымта матчта қай ұжымның келесі кезеңге өтетіні анықталады.

Реклама
Реклама