Дастан Сәтпаев алаңға шыққан матчта "Челси" "Тоттенхэмге" есе жіберді

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 16:48

Қазақстан құрамасының шабуылшысы алаңға екінші таймда шықты.

instagram/@thebridgeways

Лондондық дербидегі жеңіс

Сиднейдегі "Аккор" стадионында өткен жолдастық кездесуде "Тоттенхэм" күтпеген жеңіске жетті. 

Матчтың 18-минутында Сандро Тонали есеп ашты. Араға үш минут салып, Эстевао Виллиан таразы басын теңестірді.

Кездесудің негізгі уақыты аяқталуға жақын қалғанда Ришарлисон 90+2-минутта шешуші гол соғып, "Тоттенхэмге" жеңіс сыйлады.

Екінші таймның басында "Тоттенхэм" он ойыншымен қалды. 49-минутта қорғаушы Кевин Дансо соңғы үміт фолын жасап, төреші оған тікелей қызыл қағаз көрсетті. "Челси" сан басымдығын пайдалана алмады.

Сәтпаев 70-минутта алаңға шықты

Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев матчтың 70-минутында ойынға қосылды.

Жас футболшы алдымен шабуылдың оң қапталында өнер көрсетсе, кейін сол қанатқа ауысты. Бірақ Сәтпаев бұл кездесуде гол немесе нәтижелі паспен көзге түсе алмады.

Австралиядағы маусым алдындағы турдың алғашқы ойынында "Челси" жергілікті "Вестерн Сидней Уондерерс" клубын 6:4 есебімен жеңген. Сол кездесуде Дастан Сәтпаев лондондық команда сапындағы алғашқы голын соқты.

Реклама
Реклама