Хусанов пенальти соға алмады: "Манчестер Сити" "Интерден" жеңілді
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов өнер көрсететін "Манчестер Сити" жолдастық кездесуде "Интерге" пенальти сериясында жол берді.
Негізгі уақыт тең аяқталды
"Манчестер Сити" мен "Интер" арасындағы жолдастық матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды.
Кездесудің 14-минутында Дивин Мубама ағылшындық клубиы алға шығарды. Бірақ арада алты минут өткенде миландықтардың қорғаушысы Бенжамен Павар таразы басын теңестірді.
Қалған уақытта командалар гол соға алмады. Осылайша жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
"Интер" пенальти сериясында мүлт кетпеді
Он бір метрлік соққылар сериясында италиялық клубтың ойыншылары дәлдік танытып, 3:1 есебімен басым түсті.
"Қалалықтар" сапында пенальтиді екінші болып орындаған Абдукодир Хусанов өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Хусанов негізгі құрамда алаңға шығып, кездесуді толық өткізді. Матчтың 83-минутында сары қағаз алумен көзге түсті.