ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Әлем чемпионы әрі Қазақстан құрамасының экс-капитаны мансабын аяқтады

Асланбек Шымбергенов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Қазір ол Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубында қызмет атқарып жүр.

Әлем чемпионы әрі Қазақстан құрамасының экс-капитаны мансабын аяқтады
instagram.com/aslanbek_shymbergenov

Рингке оралуды ойлаған

Қазақстандық боксшының айтуынша, ол бір кезеңде спортқа қайта оралуды жоспарлап, жаттығуды да бастап көрген. Бірақ кейін мансабын жалғастырмау туралы түпкілікті шешім қабылдаған. Бұл туралы Sportbugin.kz жазды.

"Боксқа қайта оралу туралы ой болды. Тіпті жаттығуды қайта бастап көрдім. Бірақ ойдағыдай болмады. Сондықтан кәсіби мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Қазір Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубы басшысының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін", – деді Асланбек Шымбергенов.

Басты жетістіктері

Асланбек Шымбергенов ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болды. Ол ел чемпионатында екі рет топ жарып, халықаралық аренада да ірі жетістіктерге жетті.

Шымбергеновтің еншісінде:

  • 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын медалі;
  • 2022 жылғы Азия чемпионатының алтын жүлдесі;
  • 2019 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының жеңісі;
  • 2018 жылғы Азия ойындарының күміс медалі;
  • 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесі бар.

Сонымен қатар ол 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысып, Қазақстан намысын қорғады.

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны енді жинаған тәжірибесін спорттық менеджмент пен кәсіпқой боксты дамыту бағытында пайдаланбақ. Қазір Шымбергенов Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубында басшылық қызмет атқарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?