Қазақстан чемпионы жұмыс орнында қаза тапты
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай плитка шығаратын зауытта жұмыс ауысымы кезінде болған.
Грек-рим күресінен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан чемпионы атанған Тілектес Әділ Түркістан облысындағы өндіріс орнында қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай плитка шығаратын зауытта жұмыс ауысымы кезінде болған.
Спортшыны тоқ соққан
Марқұмның досының айтуынша, Тілектес Әділ биіктікте жұмыс істеп жатқан кезде абайсызда электр сымына тиіп кеткен. Оны тоқ соғып, артынша спортшы биіктіктен құлаған. Оқиға орнына дәрігерлер шақырылғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы ресми органдар тарапынан анықталуы тиіс.
2019 жылы Қазақстан чемпионы атанды
Тілектес Әділ грек-рим күресінен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында өнер көрсеткен.
Ол 2019 жылы Қазақстан чемпионы атанып, кейін де жаттығуын жалғастырып жүрді.
Айта кетейік, Тілектес Әділдің артында жұбайы мен екі баласы қалды.