Жарнама
Жарнама

Тоқаев Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес Мемлекет басшысы спортшының отбасына арнайы жеделхат жолдаған.

Тоқаев Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
фото ашық дереккөзден алынды

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент марқұм Бақтыбай Рахмонұлын елге сыйлы, өнегелі ғұмыр кешкен азамат ретінде атап өтті.

"Бақтыбай Рахмонұлы абыройлы өмір сүрген, ел құрметіне бөленген азамат еді. Нағыз отаншыл тұлға ретінде Сіздей қайсар әрі мықты ұл тәрбиелеп, еліміздің беделін арттыруға үлес қосты. Сіз халқымыздың мақтанышына айналдыңыз", — делінген көңіл айту жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов пен оның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдірді.

Бақтыбай Алпамысов 65 жасында өмірден өтті

Қазақстандық БАҚ мәліметінше, Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысов 2 тамызда 66 жасқа қараған шағында дүниеден өткен.

Марқұмды еске алуға арналған Құран бағыштау мен ас беру рәсімі 13 тамызда Қарағандыда өтетіні хабарланған.

Шавкат Рахмонов әкесінің қазасына қатысты әзірге көпшілік алдында ресми пікір айтқан жоқ.

Қазақстандық UFC файтері соңғы рет 8 тамызда Бейжіңде өткен Naiza промоушенінің турнирінде жұрт алдына шыққан.

Жарнама
Жарнама