Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды
Хорхе Месси 68 жасында өмірден өтті.
Росариодағы ауруханада көз жұмды
Дереккөздің мәліметінше, Хорхе Месси 7 тамыз күні кешкі сағат 22:00 шамасында Аргентинаның Росарио қаласындағы клиникада қайтыс болған. Ол ұзақ уақыт бойы денсаулығына байланысты ем қабылдаған. Бірақ отбасы нақты диагнозды көпшілікке жарияламады.
Хорхе Месси Лионельдің футболдағы мансабында аса маңызды рөл атқарды. Ол ұлының бала кезінен жанында болып, кейіннен футболшының өкілі ретінде келіссөздері мен алаңнан тыс істерін басқарды.
Месси әлем чемпионатында көз жасын тыя алмаған еді
2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Аргентина Алжирді 3:0 есебімен жеңіп, Лионель Месси хет-трик жасаған.
Матч барысында және ойыннан кейін аргентиналық жұлдыз ерекше эмоцияға беріліп, көз жасын тыя алмады. Кейін ол мұның футболдағы жағдайға емес, соңғы күндері басынан өткерген отбасылық қиындықтарға байланысты екенін түсіндірген.

Осы жағдайдан кейін БАҚ-та Хорхе Мессидің денсаулығына қатысты түрлі ақпарат тарай бастады.
Отбасы бұған дейін мәлімдеме жасаған
Мессидің отбасы маусым айында Хорхенің денсаулығына байланысты арнайы мәлімдеме жариялаған. Онда оның дәрігерлер бақылауында екені және емдеу аясында жағдайы жақсарып келе жатқаны айтылған. Сонымен бірге отбасы жеке өмірге қатысты расталмаған ақпараттарды таратпауға және жағдайға түсіністікпен қарауға шақырған.
Арада бірнеше апта өткен соң 68 жастағы Хорхе Мессидің Росариода өмірден өткені хабарланды.