Қазақстандық триатлоншы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық триатлоншы жарысты 1:47.07 нәтижесімен аяқтады.
Түркістанда триатлоннан халықаралық турнир өтті. Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жанабай аталған жарыста жақсы нәтиже көрсетіп, ел қоржынына күміс медаль салды.
Қазақстандық триатлоншы жарысты 1:47.07 нәтижесімен аяқтап, халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Тағы бірнеше қазақстандық үздік отыздыққа кірді
Арлан Жанабайдан бөлек, Қазақстанның тағы бірнеше спортшысы жарысты алғашқы отыздықта аяқтады.
Темірлан Теміров тоғызыншы орынға ие болды. Дарын Қонысбаев 12-сатыдан көрінді.
Елмұрат Қанай мәреге 23-болып жетсе, Максим Шмулич 29-орын алды. Ал Әлинаби Маралбеков жарысты 35-позицияда аяқтады.
Әйелдер арасында Диана Ержанова үздік нәтиже көрсетті
Әйелдер арасындағы сында Қазақстан спортшыларының ішінде Диана Ержанова үздік нәтиже тіркеді. Ол 2:14.43 уақыт көрсеткішімен сегізінші орынға ие болды.
Қазақстандық Арина Шульгина әйелдер бәсекесінде 12-орынға жайғасты.
Ал Аида Ким халықаралық турнирді 13-позицияда аяқтады.