FIFA төңірегіндегі кезекті дау: клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтпей ме?
Daily Express басылымының мәліметінше, турнирдің ұйымдастырылуына ФИФА мен Еуропаның жетекші клубтары арасындағы келісімнің болмауы кедергі.
2029 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының тағдыры шешілер емес. Daily Express басылымының дерегіне сәйкес, турнир өтпей қалу қаупі бар.
Дереккөз мәліметінше, басты мәселе – ФИФА мен Еуропаның алдыңғы қатарлы клубтары арасындағы келісімдердің толық жасалмауы. Атап айтқанда, жетекші еуропалық командалардың турнирге қатысуына қатысты нақты мәміле жоқ.
Турнирді қай ел қабылдайтыны да әзірге белгісіз. Daily Express ақпараты бойынша, жарысты ұйымдастыруға бірнеше мемлекет қызығушылық танытқан. Олардың қатарында Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Германия, Мексика және Англия бар.
Турнирді қабылдауға ең ықтимал кандидаттар ретінде Қатар мен АҚШ аталып отыр. Бірақ әзірге ФИФА тарапынан 2029 жылғы клубтық әлем чемпионатының нақты өтетін орны ресми жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионатының 2025 жылы АҚШ-та ұйымдастырылды. Жарыс 14 маусым мен 13 шілде аралығында өтті. Турнирге 32 команда қатысты. Сол кезде "Челси" чемпион атанды.