ПСЖ "Барселона" жұлдызы үшін 90 млн еуро ұсынуға дайын

Спорт шолушысы
03.08.2026, 14:00

Франциялық клуб 23 жастағы испаниялық футболшыға алғашқы ұсынысын әзірлеп жатыр.

Getty Images

El Nacional басылымының мәліметінше, Педри ПСЖ-ның басты трансферлік нысанына айналған. Бұған дейін бас бапкер Луис Энрике командада “Манчестер Ситидің” жартылай қорғаушысы Родриді көргісі келген. Бірақ футболшы мансабын “Реалда” жалғастыруды таңдағаннан кейін француздар назарын Педриге аударған.

Педри “Барселона” сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде каталондық клубтың құрамында 245 матчқа қатысып, 28 гол соғып, 33 нәтижелі пас берген. Испаниялық футболшының “Барселонамен” жасалған келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 150 миллион еуро деп бағалайды.

Айта кетейік, бұған дейін ПСЖ “Барселонаның” тағы бір ойыншысы Ферран Торресті де өз қатарына қосуға қызығушылық танытқаны хабарланған.

Реклама
Реклама