Жарнама
Жарнама

"Челси" Дастан Сәтпаевты жаңа ойыншылар қатарына қоспады

Лондондық клуб жаңа маусым қарсаңында Fantasy Premier League (FPL) ойынындағы бірқатар жаңа футболшысының бағасын жариялады.

"Челси" Дастан Сәтпаевты жаңа ойыншылар қатарына қоспады
instagram/@alataufans_

Жаңа ойыншылар неше тұрады?

Ағылшындық клуб ресми парақшасында FPL жүйесіне енгізілген сегіз футболшының бағасын таныстырды.

Олардың арасында ең жоғары баға Морган Роджерске қойылған. Оның виртуалды трансферлік құны 7,5 миллион фунт болып белгіленді. Ал Максенс Лакруа мен Дэнни Уэлбек 6 миллион фунтқа бағаланған.

Марко Палестра, Джеованни Кенда және Валентин Барконың әрқайсысының бағасы 5,5 миллион фунтты бооса, Джордан Хендерсон мен Пеп Чаваррия 5 миллион фунттан бағаланды.

Дастан Сәтпаев неге тізімде жоқ?

Жарияланған сегіз футболшының арасында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың есімі кездеспеді.

Дегенмен бұл жағдай Сәтпаевтың "Челсидегі" мәртебесіне немесе болашағына қатысты қандай да бір өзгеріс болды дегенді білдірмейді. Клуб тек қазіргі уақытта Fantasy Premier League ойынында қолжетімді футболшылардың бағасын көрсеткен.

Бұған дейін Дастан Сәтпаев лондондық клубтың қатарына қосылып, команданың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Жарнама
Жарнама