"Жаттықтырушының салғырттығы": Самородовтың трансферіне қатысты сын айтылды

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың "Спартакқа" ауысуының сәтсіз аяқталуына қатысты жаңа болжам айтылды.

"Жаттықтырушының салғырттығы": Самородовтың трансферіне қатысты сын айтылды
instagram/akhmatgrozny

Бұрынғы футбол агенті, "Это футбол, брат!" YouTube арнасының жүргізушісі Тимур Гурцкая трансфердің бұзылу себебін талқылады. Гурцкаяның айтуынша, "Спартак" дәрігерлері Самородовтың тізесінен асқынуы мүмкін шағын кистаны анықтаған.

Оның пікірінше, бұл жағдай клубтың футболшыны ұзақ уақыт бақылағанына қарамастан медициналық тексерісті трансферлік терезе жабылар алдында ғана толық қарастырғанын көрсетеді.

"Олар тізедегі асқынуы мүмкін шағын кистаны тапқан. Менің білуімше, осы жағдайды пайдаланып, трансфер құнын төмендетуге тырысқан. Үш ай бойы келіссөз жүргізіп келген футболшының трансферін соңғы күні, небәрі төрт сағат ішінде шешуге тырысудың өзі түсініксіз. Егер "Спартактың" дәрігері "Ахмат" ойыншысының медициналық тексеру нәтижелерін сұратса, ол барлық қажетті ақпаратты толық алады, ешкім ештеңені жасырмайды. Бұл Франсис Кахигаоның жұмысына қатысты мәселе. Сіз ойыншыны үш ай бойы бақыладыңыз, үш ай бойы оның тізесін көрдіңіз. Егер ойыншы саған шынымен қажет болса және ол жарақатына байланысты бес аптадай алаңнан тыс қалуы мүмкін болса, оның үш аптасы ұлттық құрама матчтарына сәйкес келер еді. Бұл жаттықтырушының немқұрайлығы, ойыншыны үміттендіріп қойып, кейін оның тізесінде киста бар екенін айту, мұны салғырттық деп бағалауға болады. Оның үстіне, сол ойыншы үш күннен кейін алаңға шығып, екі нәтижелі пас береді", — деді Гурцкая.

Самородов үш күннен кейін алаңға шықты

Ресейдегі жазғы трансферлік терезенің соңғы күні 10 қыркүйекте "Спартак" Максим Самородовты қатарға қосуға жақын болған. Алайда мәскеулік клуб футболшының медициналық тексеріс нәтижелеріндегі МРТ көрсеткіштеріне байланысты келісімді тоқтатты.

Ал Самородов 13 қыркүйекте РПЛ аясында "Динамоға" қарсы алаңға шығып, матчтың үздік ойыншысы атанды. Грозныйлық клуб бұл кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама