Жарнама
Жарнама
Бақтиер Зайнутдинов Қытайға аттанды
instagram/fcdynamo

Бақтиер Зайнутдинов Қытайға аттанды

Қазақстан құрамасы мен Мәскеудің "Динамо" клубының футболшысы Бақтиер Зайнутдинов Қытайға барды.

Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлап, қазақстандық футболшының Қытайдағы суреттерін де қоса жариялады.

"Бұл жолы Қытайға Баха Зайнутдинов барды. Команда демалыста болған кезде "Динамо" ойыншысын Қытайда қызықты бағдарлама күтіп тұр", — деп жазды клубтың әлеуметтік желідегі парақшасы.

28 жастағы Зайнутдинов 2025 жылдың 19 қазанында РПЛ аясында "Ахматқа" қарсы өткен матчта жарақат алған. Грозныйлық клубпен кездесу 2:2 есебімен аяқталған болатын. Содан бері футболшы ұзақ уақыт бойы қалпына келу кезеңінен өтіп, біртіндеп бабына келіп жатыр.

Бұған дейін Бақтиер Зайнутдиновтің "Динамодағы" мансабын жалғастыруға ниетті екені хабарланған. Жақында Қазақстан Премьер-лигасының көшбасшысы саналатын шымкенттік "Ордабасы" клубы да футболшыға қызығушылық танытқаны туралы мәлімдеген.

Жарнама
Жарнама