ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

"Ордабасы" Бақтиер Зайнутдиновті қатарға қосуды көздеп отыр

Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан құрамасының футболшысы Бақтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр.

"Ордабасы" Бақтиер Зайнутдиновті қатарға қосуды көздеп отыр
instagram/bateka_11

Бұл туралы AmanVIBE арнасы хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, шымкенттік клуб 28 жастағы ойыншының жағдайын жіті бақылап отыр. Қазіргі таңда Зайнутдинов жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінде.

Футболшы соңғы рет алаңға 2025 жылдың 19 қазанында шыққан. Алайда Зайнутдиновтің "Ордабасыға" ауысуы оңай болмауы мүмкін.

Қазақстандық футболшының мәскеулік "Динамомен" келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Трансфердің жүзеге асуы Зайнутдиновтің алаңға оралуына және клуб ауыстыруға деген ниетіне байланысты болуы мүмкін.

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында шымкенттік клуб 26 матчтан кейін 61 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді.

Еске салсақ, осыған дейін футболшының қарағандылық "Шахтер" клубына ауысуы мүмкін деген де ақпарат тараған еді.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?