ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Луиш Нани "Ақтөбеден" кетеді

Португалиялық футболшы осы маусымда 20 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанды.

Луиш Нани "Ақтөбеден" кетеді
NUR.KZ

"Ақтөбе" сапында 20 матч өткізді

Луиш Нани 2026 жылғы маусым аяқталғаннан кейін "Ақтөбеден" кетеді. AktobeInside дереккөзінің хабарлауынша, 39 жастағы вингер клубпен келісімшартын ұзартпайды. 

Қазіргі сәтте португалиялық футболшының "Ақтөбедегі" статистикасы:

  • 20 матч;
  • 3 гол;
  • 4 нәтижелі пас.

Нани командадағы ең танымал әрі жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі саналады.

Португалиялық футболшының келесі клубы әзірге белгісіз.

"Ақтөбе" ҚПЛ-де бесінші орында

2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде "Ақтөбе" қазір 5-орында тұр.

Игорь Черевченко жаттықтыратын команда соңғы турда өз алаңында Жезқазғанның "Ұлытауымен" кездесті. "Ақтөбе" ойын барысында есепте қалып қойғанымен матчтың соңында бір ұпайды жұлып алды.

95-минутта Темірлан Ерланов гол соғып, қорытынды есепті 2:2 етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?