ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Қазақстан Дэвис кубогының плей-оффына шықты

Теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы шешуші матчта Таиландты 3:2 есебімен жеңді.

Қазақстан Дэвис кубогының плей-оффына шықты
instagram.com/ktf.kz/

Скатов шешуші кездесуде жеңіске жетті

Қазақстан мен Таиланд арасындағы текетірестің тағдыры соңғы жекелей матчта шешілді. ATP рейтингінде 198-орында тұрған Тимофей Скатов әлемнің 463-ракеткасы Максимус Джонспен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды.

Скатов пен Джонс кортқа шығар алдында Қазақстан мен Таиланд арасындағы жалпы есеп 2:2 болған еді. Сондықтан соңғы матчтың жеңімпазы бүкіл қарсыластықтың тағдырын шешетін.

Скатов үшінші сетте басымдықты сақтап, Қазақстан құрамасына шешуші ұпай сыйлады. Нәтижесінде ұлттық команда Таиландты 3:2 есебімен жеңді.

Алғашқы төрт матч қалай аяқталды?

Бірінші жарыс күнінде Александр Шевченко Максимус Джонсты жеңсе, Тимофей Скатов Касидит Самрейден басым түсті. Келесі күні Қазақстан сапында Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев жұптық кездесуде Пручья Исаро мен Максимус Джонсқа есе жіберді.

Одан кейін Александр Шевченко Касидит Самрейге қарсы алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңгенімен, келесі екі партияда 2:6, 3:6 нәтижесімен ұтылып қалды. Осылайша есеп 2:2 болып, бәрі Скатовтың соңғы кездесуіне тірелді.

Таиландты 3:2 есебімен жеңген Қазақстан құрамасы 2027 жылғы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?