"Ордабасы" хет-триктің арқасында "Қайраттан" ұзап кетті
Шымкенттік футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 27-турында Түркістанда "Атыраумен" кездесті.
Бьорн Йонсен есеп ашты
Кездесудің алғашқы голы 20-минутта соғылды. "Ордабасының" норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен қақпа алдындағы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, шымкенттік команданы алға шығарды.
Үзілістен кейін де Йонсен нәтижелі ойынын жалғастырды. 54-минутта Жасұлан Әмірдің пасынан кейін екінші голын соқты.
Матчқа қосылған үшінші минутта норвегиялық футболшы "мұнайшылар" қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеді. Осылайша Бьорн Йонсен хет-трик жасап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
"Ордабасы" чемпионаттағы көшбасшылығын нығайтты
Осы жеңістен кейін "Ордабасы" 61 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінің бірінші орнын сақтап қалды. Екінші сатыдағы "Қайраттың" еншісінде 57 ұпай бар. Екі команда арасындағы айырма төрт ұпайға жетті.
Ал 23 ұпайы бар "Атырау" чемпионат кестесінде 12-орында келеді.
Келесі матчта "Ордабасы" Қызылордада "Қайсармен" кездеседі. "Атырау"елордада" Жеңіске" қарсы ойнайды.