Жарнама
Жарнама
Ұлттық құрама "Астана Аренада" жаттығу өткізді
instagram/@kff.team

Ұлттық құрама "Астана Аренада" жаттығу өткізді

Футболлдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы Молдовамен матч алдында Астанада жаттығу өткізді.

Ойын алдындағы жаттығу алдағы кездесу өтетін "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылды. Қазақстандық футболшылар нидерландтық маман Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен дайындықты жалғастырып жатыр.

Молдовамен кездесу Қазақстан үшін Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы алғашқы үй матчы болмақ.

Ұлттық құрама алғашқы екі кездесуін сырт алаңда өткізді. Фарер аралдарымен матч 1:1 есебімен аяқталса, Словакияға қарсы ойында қазақстандықтар 1:2 есебімен жеңілді. Осы нәтижелерден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде бір ұпай бар.

УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионы, 3-тобындағы үшінші тур кездесуі 2 қазанда "Астана Аренада" өтеді. Матчтың басталу уақыты – 19:00.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан