Жарнама
Жарнама
Қазақстандық шабуылшы Бельгия чемпионатына ауысты
instagram.com/shah_dauletov/

Қазақстандық шабуылшы Бельгия чемпионатына ауысты

17 жастағы шабуылшы Шахмұрат Дәулетов "Генкпен" алғашқы толыққанды кәсіби келісімшартын жасасты. 

77-нөмірмен өнер көрсетеді

ASnews.kz мәліметінше, қазақстандық футболшы "Генкте" 77-нөмірді таңдаған. Бұған дейін бұл нөмір марокколық қорғаушы Закария Эль-Уахдиге тиесілі болған.

23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Африка ұлттар кубогының жеңімпазы Эль-Уахди – Дәулетовтің бұрынғы агенті Мохамед Ашахбардың ұлы. Ол соңғы трансферлік кезеңде Германияның "Гамбург" клубына 8 миллион еуроға ауысқан.

Клуб жоспарына сәйкес, Дәулетов командаға кезең-кезеңімен бейімделеді. Бұған дейін "Антальяспорда" ойнаған шабуылшының келесі кездесуі Бельгияның екінші дивизионында өтуі мүмкін. 11 қазанда "Йонг Генк" пен "Патро Эйсден" арасындағы матчта Шахмұраттың дебютін көріп қалуымыз ғажап емес. 

"Фортунаға" қарсы ойнап, "Аяксқа" гол соқты

Дәулетов "Генк" академиясына 2024 жылы қосылған. Өткен демалыс күндері "Сегека Аренада" алғаш рет алаңға шықты. "Фортунаға" қарсы жолдастық кездесудің 87-минутында ойынға қосылды. Бұл матчта "Генк" 1:2 есебімен жеңілді.

Сонымен қатар қазақстандық шабуылшы "Аякстың" U-19 командасына қарсы кездесуде гол соқты. Ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Жарнама
Жарнама