Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Зинедин Зидан спорттық мансабында соққан үздік голын атады

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2024, 07:15

Бұл туралы Madrid Xtra-ның Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды. 

sports24.kz
Реклама
Реклама

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан футболшы ретінде соққан ең үздік голын атады. 

Мен соққан үздік гол дейсіздер ме?! «Байермен» болған матчта соққан голым мен үшін ең әдемі әрі маңыздысы саналады. Сол кезде Чемпиондар Лигасында жеңіске жету үшін бізге есеп ашу керек-тін, деп келтірді Зиданның сөзін Madrid Xtra.  

Айта кетейік, Зинедин Зидан 2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығы «Реалды» жаттықтырды. Француз бапкері корольдік клубпен бірге екі рет Испания біріншілігін және Испания суперкубогын жеңді. Чемпиондар Лигасының 3 дүркін жеңімпазы. 

Футболшы ретінде 3 рет жылдың үздік ойыншысы атанды. Мансабын 2006 жылғы Әлем чемпионатынан кейін аяқтады. 
 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары