«Юнайтедті» екі маусым жаттықтырып келе жатқан нидерландтық маман жуырда өз командасының үлкен трофей жеңіп алуына мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеген еді.
Роналдудың пікірінше, «Қызыл сойқандарды» баптайтын маманның мұндай мәлімдеме жасауына ешқандай құқығы жоқ.
Менің ойымша, «Манчестер Юнайтед» бәрін қайта құруы қажет. Клубтың бас бапкері ел біріншілігі мен Чемпиондар лигасында жеңіске жету мүмкіндігі жоқ екенін айтады. «Манчестер Юнайтедтің» бапкері бола тұра, титулға таласа алмаймыз деу қате.
Біздің жеткілікті деңгейде әлеуетіміз жоқ шығар. Бірақ соған қарамастан, біз талпынып көреміз, деу керек. Ұмтылыс осындай болуы тиіс, деді Роналду.
Айта кетейін, ағылшын премьер-лигасының алғашқы 3 турында Эрик Тен Хаг шәкірттері небәрі 3 ұпай ғана еншіледі. Қазір олар турнирлік кестеде 14-ші орында тұр.