Турнирге қатысушы командалардың капитандары мен бапкерлері дауыс беру арқылы «Үздік ойыншы» номинациясының жеңімпазын анықтады. Сондай-ақ, бас бапкерлер өзара «Үздік бапкер» атағын таңдады.
«Тобыл» клубының шабуылшысы Ислам Чесноков тамыз айының үздік ойыншысы деп танылды. 24 жастағы футболшы өткен айда барлық матчтарға қатысып, 4 голдың авторы атанды. Қазіргі уақытта ол OLIMPBET QFL Премьер-лигасының сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.
Ал «Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович тамыз айының үздік бапкері атанды. Оның жетекшілігімен команда төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі позициясын нығайтты.
Penalty.kz барлық жеңімпаздарды құттықтайды және алдағы ойындарда сәттілік тілейді!