Агбонлахор: Салах «Ливерпульден» кетеді

Редактор Penalty.kz
27.09.2024, 13:31

Бұл туралы «Астон Вилланың» бұрынғы ойыншысы мәлімдеді.

Zakon.kz

«Астон Вилланың» бұрынғы ойыншысы Габриэль Агбонлахор «Ливерпуль» шабуылшысы Мұхамед Салахтың болашағы туралы «инсайдымен» бөлісті. 

Айта кетейік, Салахтың келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады және осы айында Салах «Ливерпульмен» жаңа келісім туралы келіссөздер жүргізбегенін мәлімдеген болатын.

Агбонлахор 32 жастағы ойыншы түптеп келгенде «Ливерпульден» еркін агент ретінде кететініне сенімді. Бұл туралы Габриэльге сенімді дереккөз хабарлаған көрінеді.

«Менің білуімше, Салах кетеді. Менде бар ақпарат осындай. Оған сәйкес, Сауд Арабиясында рекордтық келісімшартқа қол қояды».

«Мен оның Роналдудан да көп табыс табатынын естідім. Ол сол жердегі футболдың бет-бейнесі болады. Салах мұндай ұсыныстан бас тарту мүмкін емес. Ол «Ливерпульде» бәріне қол жеткізді, солай емес пе?»