Сон: Біз робот емеспіз

Редактор Penalty.kz
27.09.2024, 13:23

«Тоттенхэм» капитаны Сон Хён Мин футбол матчтарының тым көптігіне қатысты пікір білдірген кезекті ойыншы болды.

news.sportbox.ru

Соңғы апталарда Премьер-Лига жұлдыздары, соның ішінде «Манчестер Ситидің» ойыншылары Родри мен Мануэль Аканджи және «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон футбол күнтізбесін сынға алған болатын.

Осы ретте Сон да өз әріптестерін қолдап, футбол сапасы саннан маңыздырақ болуы керек екенін айтты.

«Ойыншылар дұрыс нәрселерді айтып жатыр. Менің ойымша, адамдардың өз пікірін білдіріп, дұрыс нәрселерді айтуы өте маңызды».

«Ойыншылар мұндай мәселелерді айтатын басты тұлғалар. Матчтар расында да көп. Футбол жанкүйері ретінде сен сапалы ойынды көргім келеді. Ол үшін тек матч санын көбейту қажет емес. Ойыншылардың жарақат алғанын ешкім көргісі келмейді».

Бұдан бөлек, Сон алаңға шыққан кезде жарақат алу қаупі жоғары болатынына да ерекше тоқталды. 

«Біз робот емеспіз, сондықтан бұл мәселені шешіп, матчтар санын азайтуымыз керек деп ойлаймын, осылайша біз сапалы ойынды көрсете аламыз. Менің ойымша, дәл осы мақсатқа ұмтылуымыз керек», – дейді Сон.