Премьер-Лига футбол клубтарымен соттасуға 45 млн фунттан аса қаржы жұмсаған

Редактор Penalty.kz
27.09.2024, 19:46

Өткен маусымда Премьер-Лига өз клубтарына қарсы сот істеріне 45 миллион фунттан аса қаржыға шығындалған.

chelseablues.ru

Өткен маусымда Премьер-Лига қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін бір рет «Ноттингем Форестті» және екі мәрте «Эвертон» клубын ұпайлардан айырды.

Сонымен қатар, Премьер-Лига өкілдері «Манчестер Сити», «Челси» және «Лестер» клубтарымен де ҚФП ережелерін бұзу мәселесі бойынша іс жүргізген.

BBC хабарлауынша, 2023/24 маусымында Премьер-Лиганың заңдық шығындары 45 миллион фунттан асып кеткен, ал лига бюджетінде бұл мақсатқа тек 8 миллион фунт қарастырылған.

Алдағы маусымда да Премьер-Лиганың заңға қатысты шығындары қомақты болады деп күтілуде. Мысалы, қазіргі уақытта тәуелсіз комиссия «Манчестер Сити» клубына қатысты 115 рет ҚФП ережелерін бұзды деп айыпқа бойынша істі қарауда.