Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Антуан Гризманн ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Редактор Penalty.kz
30.09.2024, 16:32

Француз футболшысы бұдан былай тек клубтық деңгейде өнер көрсетпек.

ua-football.com

Мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн Франция құрамасындағы мансабымен қош айтысты. Бұл туралы 33 жастағы футболшы Instagram парақшасында хабарлады.

«Өмірімнің естеліктерге толы осы тарауын жабамын. Құрама сапында бастан кешкен керемет оқиғалар үшін көп рахмет. Жолыққанша!», – деп жазды Гризманн.

Айта кетейік, Гризманн Франция құрамасындағы алғашқы ойынын 2014 жылы Нидерланд құрамасына қарсы өткізді. Жалпы, әйгілі ойыншы Франция сапында 137 кездесу өткізіп, 44 голдың авторы атанды. 

2018 жылы Әлем чемпионы атанды. Ал 2021 жылы Ұлттар лигасын жеңді.