«Елімай» сырт алаңда жеңіліп қалды

Редактор Penalty.kz
03.10.2024, 19:10

Премьер-лиганың 22-турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдады. 

KazFootball.kz

Талдықорғандық «Жетісу» Премьер-лиганың 22-туры аясында семейлік «Елімаймен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесудің 24-ші минутында Серікжан Мұжықов пенальтиден гол соғып, командасын алға шығарды. 

Екінші таймда семейліктердің есепті теңестіруге тамаша мүмкіндігі болды. Алайда 11 метрлік айып добын орындау кезінде мүлт кетті. 

«Елімай» матч соңына дейін қарсыласқа қысым көрсетумен болды. Бірақ ол еш нәтиже бермеді. 83-ші минутта жетісулықтар есепті еселеп, семейлік команданың жеңіске жетуіне еш мүмкіндік қалдырмады. Гол авторы - Темур Чогадзе. 

Айта кетейін, алаң иелері ел біріншілігінде 11-ші мамырдан бері жеңіске жете алмай келді. Ал «Елімай» қатарынан 5 рет жеңіске жеткен болатын. 

Енді турнирлік кестеде «Жетісу» 23 ұпаймен 9-шы орынға жайғасса, «Елімай» 37 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.