Клуб басшылығы қазір осы мәселені жіті қарастырып жатыр.
«Ньюкасл» клубы жаңа стадион құрылысын бастап, «Сент-Джеймс Парктен» көшу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Осы аптада клуб басшылығы қарауында қазіргі стадионның сыйымдылығын 60 мың жанкүйерден асыруға арналған архитектуралық жоспар бары белгілі болды.
Қолда бар мәлімет бойынша қазір кешенді реконструкциядан өткізу үшін 1 миллиард фунт стерлингке дейін қаржы керек. Десе де, «Ньюкасл» бұдан да қымбат жобаны қолға алуы мүмкін.
i Sport мәліметіне сәйкес, «Ньюкасл» жаңа стадион салу мүмкіндігін қарастыруда. Егер осы туралы толыққанды шешім қабылданса, клуб шамамен 2 миллиард фунт стерлинг шығындалуға мәжбүр болады.
Айта кетейік, «Ньюкасл» осы мәселеге қатысты шешімді 2025 жылдың басында, жанкүйерлермен кеңесе отырып қабылдамақ. Дей тұрғанмен, соңғы сөз клуб иесі яғни Сауд Арабиясының тәуелсіз қорында болатыны сөзсіз.